789     Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2023 жылдың 3 сәуір күні, жазушы Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты әдеби кеш болып өтті.

     Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылату.

     Шараға колледж оқытушылары, студенттері, №6 қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері қатысты.

     Шара барысында НО-22-0, В-22 оқу тобының білім алушыларының қатысуымен жазушы Төлен Әбдіктің «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» және «Қонақтар» әңгімесі желісі бойынша көріністер көрсетілді. Студенттер өздері оқыған Төлен Әбдіктің шығармалары жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Кітапханашы Егізбаева А. білім алушыларға жазушы Төлен Әбдіктің «Тозақ оттары жымыңдайды», «Әке», «Парасат майданы» «Жат перзент» т.б. шығармаларындағы әлеуметтік, адамгершілік, ізгілік, еңбексүйгіштік қасиеттердің сипатталатынына тоқталды.

     Кітапханашы Сейіл А.О. жазушы шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырып, білім алушыларға көрмедегі жазушының әдеби еңбектерінің QR-код түріндегі нұсқаларын оқуға кеңес берді. Қатысушылар кітапханашылар дайындаған «Жыл таңдауы: Төлен Әбдіктің шығармалары» тақырыбындағы слайдпен танысты.

790

791

792